«Алтай-2019» хакатоны

     

       2019 жылғы 18-20 қараша аралығында Қазақстан көшесі, 59/1 мекенжайы бойынша ведомствоаралық бірыңғай ахуалдық орталық ғимаратында "Алтай-2019"бірінші облыстық хакатоны өтті. Ұйымдастырушы "ШҚО әкімінің аппараты"ММ.

Хакатон - бұл үздіксіз "бағдарламашылар марафоны" - "мый шабуылы" форматында өткізілетін жарыс іс-шарасы (конкурс).

Жарыс таңдалған пәндік салада және осы іс-шараның тақырыптарында жаңа идеялардың пайда болуын ынталандыруға арналған.

Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеудің әртүрлі саласының мамандары - бағдарламашылар, дизайнерлер, менеджерлер жұмыс істейтін прототип немесе дайын қосымшаны алу үшін кез келген мәселені шешу үшін бірлесіп жұмыс істейді.

Нәтижесінде қатысушылар оларды Хакатон алаңында тікелей жүзеге асыруға дейін жеткізуі тиіс.

Хакатонның негізгі мақсаты:

- әзірлеушілер мен IT-мамандарға прототип түрінде өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру;

- азаматтардың экономикалық тиімділігін, тұру жайлылығын, қауіпсіздігін арттыру үшін жалпыға бірдей қолжетімді әлеуметтік маңызы бар не инновациялық қосымшалар мен сервистерді құру үшін оларды өзара іс-қимылға ынталандыру.

Хакатонның жалпы тақырыбы болды «Білім беру және спорт мекемелерінде ақпараттық технологияларды пайдалану».

Хакатонға 21 жасқа толған және IT-компаниялардың, кәсіпорындардың өкілдері болып табылатын тұлғалар, Шығыс Қазақстан облысының аумағында тұратын және жұмыс істейтін кәсіпкерлер қатыса алды.

 

Жеңіске Өскемен қаласынан келген Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің студенттері "Coding Skills" командасы  ие болды.  Хакатон жеңімпаздары жобаны одан әрі әзірлеу және енгізу үшін облыс әкімінен 2 000 000 теңге көлемінде грант жеңіп алды.