IT-Хакатон "Jastar time"-2021

2021 жылдың 13-14 мамыр аралығында ШҚО ББ Білім берудегі жаңа технологиялардың Шығыс Қазақстан өңірлік орталығы мектеп оқушылары, өңірлік жоғары оқу орындары мен ТжКБ ұйымдарының студенттері арасында "Jastar Time" қашықтықтан облыстық ІТ-хакатонын өткізді. Хакатон мектеп оқушыларын, колледждер мен ЖОО студенттерін өңір үшін инновациялық шешімдер жасауға тарту, ақпараттық технологиялар саласында оқуға жастардың қызығушылығы мен тартылуын арттыру және ІТ-дағдыларын дамыту, IT-саласында жоғары білікті кадрларды қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Екі күн бойы екі тақырыптық бағыттағы тапсырмалар шешілді. 14+ жас санатындағы оқушылар есте сақтау, қиял, ойлау және логиканы жаттықтыру үшін дамытушы және зияткерлік ойындар жасады, ал студенттер емтихан тапсырушылардың (тестіленушілердің) жеке басын растау, олардың мінез-құлқын бақылау және үшінші тарап қосымшаларын пайдалануды бақылау үшін прокторинг жүйесін құруға мәжбүр болды. Болашақта Хакатон студенттері әзірлеген жүйе тестілеу процесін немесе емтиханды қашықтықтан, онлайн режимінде бақылауға көмектеседі. Ол тестіленушіні тексеруді және әкімші (проктормен) оның мінез-құлқын және тест барысында компьютер экранын бақылауды қамтиды.

Байқау жұмыстарын бағалау қорытындысы бойынша сарапшылар жеңімпаздарды анықтады:

14+ жас санатындағы оқушылар арасында Бас жүлдені "NEXT" командасы, Өскемен қаласы, "Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №4 орта мектебі" КММ иеленді;

Бірінші орынды Жарма ауданының "Георгиевка орта мектебі" КММ "Stars" командасы иеленді;

Екінші орынды Семей қаласының "экономикалық лицей" КММ "ЭЛ" командасы иеленді;

Үшінші орынды "Алтай" командасы, Алтай ауданының "Алтай қаласының мектеп лицейі" КММ иеленді.

16+ жас санатындағы студенттер арасында Гран-приді "Жастар" командасы иеленді. Д. Серікбаева атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық Университеті;

Бірінші орынды "Team EKU"командасы иеленді. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан  Университеті;

Екінші орынды Өскемен жоғары политехникалық колледжінің "Cyberpolitechnik" командасы иеленді;

Үшінші орынды Қазақстан-Америка Еркін университетінің "RealZealot" командасы иеленді.