ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ БИЛЕТТЕУДІ ЕНГІЗУ

Шығыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдан бастап Өскемен және Семей қалаларында «ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» қоғамдық көлікте жүруді автоматтандырылған бақылау жүйесін енгізуде.

Өскемен қаласы бойынша жобаның ауқымы 57 автобус және 4 трамвай бағытын құрайды, бұл 552 автобус және 28 трамвай.

Бүгінде, 2020 жылғы 10 қарашада Өскемен қаласында 62% немесе 353 көлік бірлігі жабдықталды, ЦУПП, процессингтік-эммисиялық жүйенің, диспетчерлік басқару орталығының, бақылау-тексеру қызметінің, шағым-талап бөлімінің инфрақұрылымы құрылды. Жүйені тестілік режимде тәжірибелік пайдалану жүргізілді.

Өскемен қаласында нысанды пайдалануға беру мерзімі ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында жолақы төлеудің электронды жүйесі Семей қаласының қоғамдық көлігінде енгізілді. 42 бағытта 337 бірлік автобус жабдықталды. Төлем көлік карталарымен және «Avtobys» мобильдік қосымшасы арқылы QR-код және «Bluetooth» арқылы жүргізіледі. Көлік карталарын жолаушыға байланыстыру мүмкіндігі бар (ИИН және телефон нөмірі) және байланған көлік карталарын бұғаттау/қайтару механизмі. Сондай-ақ, маршруттағы автобустардың қозғалысын бақылау үшін «Bus Report» мобильді ұсынысы қолжетімді. Жолаушыларды ынталандыру үшін сараланған тариф енгізілді (қолма-қол ақшасыз төлем кезінде - 80 теңге, қолма-қол төлеу кезінде - 140 теңге).