«Сергек» камераларының ұрлықты ашуға көмегі

ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының "Ақпараттық технологиялар орталығы" КММ қоғамдық құқықтық тәртіп қызметінің диспетчерлерінің арқасында "Сергек" АБК бейнебақылау камераларын қарау кезінде суицид фактісі тіркелді.

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде сағат 10.42-де белгісіз тұлға 9.00-ден 10.30-ға дейінгі уақыт аралығында Қабанбай батыр көшесі, 112 мекен-жайы бойынша орналасқан "Офтальмолог" емханасы кіреберісінің алдында қалдырылған "Shel" маркалы велосипедін еркін қол жеткізу жолымен жасырын ұрлап кеткені туралы дабыл түсті. Шығын 55 000 теңгені құрады. Өскемен қ.ПБ ЖБО бейнебақылау инспекторларымен бірге "Сергек" камералары арқылы ҚҚТҚ диспетчерлерінің үйлесімді іс-қимылының арқасында ұрлаушы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Велосипед түріндегі заттай дәлел тәркіленді. Іс материалдары анықтау бөліміне тапсырылды.