«Сергек» АБК көмегімен тонау ашылды

Облыс архивтер және цифровизация басқармасының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ қоғамдық құқықтық тәртіп қызметінің диспетчерлерінің арқасында «Сергек» АБК бейнебақылау камераларын қарау кезінде тонау оқиғасы ашылды.

Ағымдағы жылдың 11 мамырында сағат 16.57-де Шәкәрім көшесі 95 үйінің жанында бейтаныс жігіттер зорлық-зомбылық пайдаланып, 32 жастағы жәбірленушіден "Samsung A10" және "LG 17" маркалы ұялы телефондарын ашық ұрлап кеткені туралы дабыл түсті.  Оның шығыны 35 000 теңгені құрады. ҚҚТҚ диспетчерлерінің "Сергек" камераларының көмегімен уақтылы әрекет етуінің арқасында Өскемен қ.ПБ ЖБО бейнебақылау инспекторларымен бірлесіп, осы оқиғаға қатысы бар адамдар анықталды. Олар облыстың 28 жастағы тұрғындары болып шықты. Заттай дәлелдемелер алынды. Іс материалдары тергеу бөліміне тапсырылды.