"СЕРГЕК" КАМЕРАЛАРЫНАН ТЫҒЫЛА ДА, ЖАСЫРЫНА ДА АЛМАЙСЫН

Облыстық әкімдіктің "АТО" КММ Қоғамдық құқық тәртібі қызметінің диспетчерлерінің арқасында бейнебақылау камераларымен қылмыс орнын қарау кезінде төбелеске қатысушылар орнатылды.

Ағымдағы жылдың  22 қазан, сенбі күні кешкі сағат 20.40 шамасында Өскемен қаласының азаматшасынан "102" пультіне қаладағы кафелердің бірінің жанында екі азамат арасында жанжал туындағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу полиция наряды жіберілді. "Қыран-2" ПА наряды келгенге дейін жанжалға қатысушылар төбелес орнынан кетіп қалған. Қоғамдық тәртіп қызметінің диспетчерлері "Сергек" камераларының көмегімен ізін суытпай төбелеске қатысушылар жасырынған автокөлікті орнатты. Камералар бойынша аталған автокөліктің қозғалыс бағыты анықталды және бағдар бойынша Үлбі полиция бөлімшесінің КПБ қызметкерлерімен және Өскемен қаласының ПБ жол батальонымен бірге олар тұтқындалды.

Жанжалға қатысушылардың бірі №1 қалалық ауруханаға жатқызылса, екіншісі полиция бөліміне жеткізілді.