Қазақстандағы IT-шешімдердің экспорты сыртқы нарықтарға шығуды қолдау бағдарламасының арқасында артып келеді

Astana Hub Scalerator IT қызметтері мен жоғары технологиялық өнімдерінің экспортын ұлғайту бойынша жеделдету бағдарламасынан 94 қазақстандық IT-компания өтті. Бағдарлама аясында қатысушылар $875 мыңға келісім-шарттар мен келісімдерге қол қойды және $300 мыңнан астам инвестиция тартты.

scalerator

Scalerator (ағылш. scale-масштаб және accelerator - акселератор, жедел даму бағдарламасы) - цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен іске асырылатын, Қазақстанның IT-компанияларына жаңа нарықтарға шығуға және басқа елдерде келісім-шарттар жасасуға көмектесетін IT-бизнесті ауқымды ету бағдарламасы.

            8 апта бойы IT-компаниялар сарапшылармен бірге нарық пен бәсекелестерді зерттеп, сыртқы нарыққа шығудың маркетингтік стратегиясын дайындады. Қатысушылар бизнес-серіктестерді іздеуде және жаңа нарықтардағы алғашқы сатылымдарда үздік сарапшылардан кәсіби көмек алды.

         «Биыл бірінші рет біз IT-стартаптарды экспорттауды нақты қолдау бағдарламасына көштік. Елбасы 2025 жылға қарай IT қызметтерінің экспортын 500 миллион долларға, ал 2022 жылы 200 миллион долларға жеткізу міндетін қойды. Бұл үлкен, бірақ қол жеткізуге болатын челлендж. Біз бұған тағы бір рет 8 апталық Scalerator бағдарламасы арқылы көз жеткіздік. Мәселен, акселерациядан өткен компаниялардың бірі жалпы сомасы 1 миллион доллар құрайтын келіссөздер мен келісім-шарттарға қол қою сатысында, болса, екіншісі – біздің менторларымыздың арқасында ағылшын тілінде 15 питч өткізіп, үш елдің қызығушылығын танытты. Олар: Сауд Арабиясы, Кипр және Украина», - деп атап өтті Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

 

Бағдарламаның географиясы үш аймақты қамтыды: жақын шетел (ТМД және Балтық елдері), Оңтүстік-Шығыс Азия, сондай-ақ Солтүстік Америка мен Еуропа. Бағдарламаға қатысуға барлығы 234 өтінім түсіп, 94 компания акселерация финалына шықты. Олардың қатарында қазірдің өзінде танымал қазақстандық брендтер Aviata, Damumed және Parqour, сондай-ақ өте жас IT-компаниялар VOCA, Akhter Studio, Connected Home Ltd және т.б.

«Акселератордың атауы оның мәнін көрсетеді: бағдарлама күшті және болашағы зор қазақстандық компанияларды біріктірді. Олар бізге ештеңе мүмкін емес екенін көрсетті - 8 аптада сіз ең батыл мақсаттарыңызға қол жеткізе аласыз. Ең бастысы, ештеңені кейінге қалдырмаңыз! Және өзіңізге сеніңіз. Осы екі ай ішінде бүкіл әлемнің назары Қазақстанға және оның технологиялық кәсіпкерлеріне ауды», - деді акселерация бағдарламасының ұйымдастырушыларын бірі және SOLYANKA агенттігінің негізін қалаушылардын бірі Анна Шолина.

Әрбір компанияға қатысушылардың апта сайынғы нәтижелерін бақылайтын жеке трекер мен ментор тағайындалды. Бағдарламаға барлығы 50-ден астам ментор, 40-тан астам сарапшы және 15-тен астам трекер тартылды, олар барлығы 500 сағаттан астам жұмысты өткізді: семинарлар, жеке және топтық кеңестер, борд мәжілістері, трекшн отырыстар. Сондай-ақ бағдарламада жұмыстың жаңа форматы – қатысушылар, трекерлер және сарапшылар арасындағы мастермайнд-сессиялары қолданылды.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін IT экспортын ілгерілету бойынша топ-операторлар тартылды, олар: SOLYANKA агенттігі және Yellow Rockets. Бірінші компания бірнеше жылдан бері жаһандық білім беру және акселерация бағдарламаларын, ірі халықаралық іс-шараларды іске қосып келеді. Emerge конференциясы тамаша мысал болып табылады. Екіншісі ТМД елдерінде және әлемде стартаптар қауымдастығын дамытады, сондай-ақ стартаптар үшін акселерация бағдарламаларын ұйымдастыруға маманданған, жетекші ресейлік және халықаралық венчурлық қорлармен, даму институттарымен, бизнес періштелер қауымдастығымен және корпорацияларымен ынтымақтасады.

          «Қазақстандық компаниялармен жұмыс істеу өте қызықты болды. Мен олардың кейбір жағынан ресейлік стартаптардан жоғары екенін жасырмаймын », - деді Леонид Ларшин, Солтүстік Америка мен Еуропаның жетекші трекері.

          Бірінші Scalerator ағыны сәтті болды. Компаниялар Канада, АҚШ, Үндістан, Сингапур, Малайзия, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Беларусь нарықтарында серіктестермен белсенді түрде келісім-шарттар жасап, келіссөздер жүргізуде. Осылайша, «Таяу шетел» бағытының қатысушылары Украина, Ресей, Өзбекстан және Беларусь нарықтарында келісім-шарттарға қол қойып, бүгінде 50-ден астам жаңа серіктестермен келіссөздер жүргізілуде. Келіссөздер сатысында стартаптар қол қойған келісім-шарттар мен келісімдердің сомасы $875 мыңға жетті.Солтүстік Америка және Еуропа бағытының қатысушылары АҚШ, Канада және Ұлыбритания нарықтарындағы келісімшарттармен мақтана алады. Алғашқы B2C мәмілелер жасалып, қол қойылған келісім-шарттар мен келісімдер сомасы 100 мың доллардан асты.Оңтүстік-Шығыс Азия бағытының қатысушылары 75 мың долларға келісім-шарттар мен келісімдерге қол қойды. Сонымен қатар, қатысушы компаниялар 323 мың доллар инвестиция тартты.

Scalerator бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қазірдің өзінде беруге болады!

Дереккөз: https://astanahub.com/article/eksport-it-reshenii-kazakhstana-rastet-blagodaria-programme-podderzhki-po-vykhodu-na-zarubezhnye-rynki